Сплав опыта и целеустремленности
На площадке Ассоциации KAZENERGY состоялось подписание двух ключевых документов – Соглашения о партнерстве между Ассоциацией KAZENERGY и ОО «Казахстанское общество нефтяников-геологов» и Меморандума о сотрудничестве между обществом и аналитическим центром «Энергия», дочерней компанией KAZENERGY.
Генеральный директор Ассоциации KAZENERGY Жандос Нурмаганбетов отметил, что сотрудничество с Казахстанским обществом нефтяников-геологов имеет давние традиции и охватывает такие направления, как проведение форумов, конференций и реализация совместных проектов. Знаковым этапом этого взаимодействия стало подписание Договора о партнерстве в 2010 году, направленного на развитие нефтегазовой и геологической отраслей Казахстана. Новое соглашение учитывает современные вызовы, инновационные подходы и научные разработки, что открывает новые возможности для плодотворного сотрудничества.
Президент Казахстанского общества нефтяников-геологов Балтабек Куандыков подчеркнул важность укрепления партнерских отношений. Одним из ключевых мероприятий в рамках сотрудничества станет научно-практическая конференция, посвященная открытию месторождения Кашаган – она запланирована на 2025 год и направлена на обмен опытом, рекомендациями и лучшими практиками между специалистами нефтяной и геологической отраслей. Балтабек Куандыков подарил главе Ассоциации KAZENERGY книгу «Первооткрыватели месторождений нефти и газа Казахстана», которая является результатом многолетнего труда.
Как отметили в пресс-службе ведомства, подписанные документы подчеркивают стремление сторон укреплять партнерские отношения, внедрять инновации и повышать профессиональную компетентность в нефтегазовой и геологической отраслях Казахстана. Соглашения охватывают такие направления, как устойчивое развитие нефтегазовой отрасли, проведение аналитических исследований, подготовка статистических и информационных материалов. Кроме того, они способствуют формированию позитивного имиджа сторон как на национальной, так и на международной профессиональной арене.
Маңызды келісімге қол қойылды
Астанада «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында екі маңызды құжатқа: «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Қазақстандық мұнайшы-геологтер қоғамы» ҚБ арасындағы әріптестік туралы келісімге және Қоғам мен «KAZENERGY» еншілес компаниясы «Энергия» талдау орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Қазақстандық мұнайшы-геологтер қоғамымен көпжылдық ынтымақтастық форум, конференция және бірлескен жоба сияқты бағыттарды қамтитынын атап өтті.
Бұл өзара іс-қимылдың маңызды кезеңдерінің бірі 2010 жылы Қазақстанның мұнай-газ және геологиялық салаларын дамытуға бағытталған әріптестік туралы шартқа қол қою болды. Жаңа келісім жаңа перспективалар ашатын және өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейтетін заманауи үрдістерді, инновацияларды және ғылыми әзірлемелерді ескереді.
Қазақстандық мұнайшы-геологтер қоғамының президенті Балтабек Қуандықов әріптестік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қашаған кен орнының ашылуына орайластырылған бірлескен ғылыми-практикалық конференция ынтымақтастықтың маңызды кезеңі болмақ. Бұл іс-шара 2025 жылға жоспарланған және мұнай және геология саласының мамандары арасында тәжірибе, ұсыныстар мен үздік тәжірибелермен алмасуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сектордың одан әрі дамуына ықпал етуге арналған.
Айта кету керек, Балтабек Қуандықов көп жылдық еңбектің нәтижесі болып саналатын «Қазақстан мұнай және газ кен орындарының алғаш ашушылары» атты кітапты сыйға тартты.
Қол қойылған құжаттар тараптардың серіктестікті нығайтуға, инновацияларды дамытуға және Қазақстанның мұнай-газ және геологиялық салаларында құзыреттілік деңгейін арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Келісімдер мұнай-газ саласын орнықты дамыту, ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізу, статистикалық және талдамалық материалдар дайындау сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар олар ұлттық және халықаралық кәсіби аренада тараптардың оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететін болады.