Содержание материала

Маңызды келісімге қол қойылды


Астанада «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында екі маңызды құжатқа: «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Қазақстандық мұнайшы-геологтер қоғамы» ҚБ арасындағы әріптестік туралы келісімге және Қоғам мен «KAZENERGY» еншілес компаниясы «Энергия» талдау орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Қазақстандық мұнайшы-геолог­тер қоғамымен көпжылдық ынты­мақ­тас­тық форум, конференция және бірлескен жоба сияқты бағыттарды қамтитынын атап өтті.

Бұл өзара іс-қимылдың маңыз­ды кезеңдерінің бірі 2010 жылы Қазақ­стан­ның мұнай-газ және геологиялық салаларын да­мытуға ба­ғыт­талған әріп­тестік туралы шарт­қа қол қою бол­ды. Жаңа ке­лі­сім жаңа перспективалар ашатын және өзара әрекеттесу мүм­кін­діктерін кеңейтетін заманауи үрдістерді, инновацияларды және ғылыми әзірлемелерді ескереді.

Қазақстандық мұнайшы-геологтер қо­ға­мының президенті Балтабек Қуандықов әріптестік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қа­­шаған кен орнының ашылуына орайластырылған бірлескен ғылыми-практикалық конференция ынтымақтастықтың маңызды кезеңі бол­мақ. Бұл іс-шара 2025 жылға жос­пар­­ланған және мұнай және гео­логия саласының мамандары арасында тәжірибе, ұсыныстар мен үздік тәжіри­­­бе­лермен алмасуды қам­тамасыз етуге, сондай-ақ сектор­дың одан әрі дамуына ықпал етуге арналған.

Айта кету керек, Балтабек Қуандықов көп жылдық еңбектің нәти­­жесі болып саналатын «Қазақстан мұнай және газ кен орындарының алғаш ашушылары» атты кітапты сый­ға тартты.

Қол қойылған құжаттар тарап­тар­дың серіктестікті нығайтуға, инно­вация­ларды дамытуға және Қазақ­станның мұнай-газ және геоло­гия­лық салаларында құзырет­тілік деңгейін арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Келісімдер мұнай-газ саласын орнықты дамыту, ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізу, ста­­­тис­тикалық және талдамалық ма­­те­риалдар дайындау сияқты сала­лардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ба­ғыт­талған. Сонымен қатар олар ұлт­­тық және халықаралық кәсіби аре­нада тараптардың оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететін болады.